Қостанай облысында мемлекеттен 96 миллион теңге көлемінде субсидия алып, ақша жымқырған кәсіпкер 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды «Хабар 24». Ауыл шаруашылығы саласындағы компанияның директоры жергілікті шаруалармен келісіп, картоп тұқымдарын сатып алуға субсидия алған. Тексеріс кезінде кейбір шаруалардың картоп емес, бидай өсірумен айналысатыны анықталды. Айыпталушы фермерлерге жалған ақпарат бергені үшін 1 жарым миллион теңге беруді уәде еткен. Қаржы мониторигі агенттігі бұл дерек бойынша 5 қылмыстық іс қозғады.