Экс-қорғаныс министрі Мұрат Бектеновті қамауға алу мерзімі 20 тамызға дейін ұзартылды. Естеріңізде болса, ол 20 ақпанда ұсталған еді. Министрліктің бұрынғы басшысы қаңтар оқиғасынан бір жарым ай өткен соң қамауға алынды, деп хабарлайды «Хабар 24». 19 ақпанда Бас прокуратура сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол «әскери жағдайда лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланады» деген күдікке ілінген еді. Сот экс-министрді өмір бойы мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 15 жылға бас бостандығынан айыруы мүмкін.