ІІМ азаматтарға алдын алу және ескерту сипатындағы SMS жібере бастады, деп хабарлайды Polisia.kz. SMS арқылы алаяқтық туралы халықты бірыңғай хабардар ету туралы Ішкі істер министрінің Цифрлық даму министрлігінің өкілдерімен және байланыс операторларымен кездесуінде айтылған болатын. Мобильді байланыс Қазақстанның әрбір тұрғынына тұрғылықты және орналасқан жеріне қарамастан қолжетімді болғандықтан, SMS арқылы алаяқтық фактілері туралы ақпарат беру азаматтарды жедел хабардар етуге мүмкіндік береді.