Ақмола облысының Жаңа Қима кентінде бір үйдің 3 және 5 жасар екі баласы иіс тиіп, көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24». Балалардың әкесі жұмыста, ал анасы сол кезде дүкенге кеткен екен. Өрт сөндірушілердің айтуынша, оңаша қалған бүлдіршіндер үй ішінде шырпымен ойнап, от тұтатқан. Үйдің ішін қою түтін жайлаған кезде көршісі терезеден байқап, балаларды сыртқа алып шыққан. Қос сәби жедел ауруханаға жеткізілгенімен, ес жимастан көз жұмды.