Шығыс Қазақстан облысында Қарттар мен мүгедектер үйінің лауазымды тұлғалары 7,4 млн теңгені қолды еткен, деп хабарлайды «Хабар 24». Олар 2019 жылы қараша мен 2020 жылдың мамыры аралығында шатыр жөндеу жұмыстарына жалған акт толтырып, ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқырған. Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаменті «Зевакин арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» қызметкерлерінің үстінен іс қозғап, сотқа дейінгі тергеуді бастады.