Елордалық полицейлер халықаралық деңгейде іздеу жарияланған күдіктіні ұстады. Қызылорда қаласының 31 жастағы тұрғыны 2020-жылдан бері қашып жүрген, деп хабарлайды «Хабар 24». Тергеушілер оған қылмыстық кодекстің 297, яғни есірткі, психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу бабы бойынша айып тағып отыр. Күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалды.