Елде күз айларында қайтадан дизель тапшылығы болуы мүмкін. Бірінші кредиттік бюро сарапшылары шілде айында Қазақстанда дизель өндірісі төмендегенін айтты. Бұл құбылыс соңғы екі ай бойы байқалып отыр. Мәселен, өткен айда 413 мың 700 тонна отын өндірілді, бұл маусым айындағы көлемнен 61 мың тоннаға кем. Дизель отыны өндірісінің азаюын сарапшылар Мұнай өңдеу зауыттарында жазғы жөндеу жұмыстары жүргізілуімен байланыстырады. Ал жалпылай алғанда биыл елде дизель өндірісі 10 пайызға артты. 7 айда 3 млн тоннадан астам дизель отыны шығарылды. Мамандар пікірінше, жанар-жағармайдың көрші елдерге ағылу мәселесі де тыйылмай тұр.