Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Ресейдің Ульяновск облысында жол апаты салдарынан отандастарының қаза болуына байланысты халыққа үндеу жасады. Үндеу мәтіні президент сайтында жарияланған. Жапаров орны толмас бұл қаза баршаның жүрегіне қаяу салғанын айтты. “Отандастарымыздың жол-көлік оқиғасына ұшырағаны туралы хабарды үлкен қайғымен қабылдадық. Мұндай жағдайда жанашыр сөздерді айту қиын. Соған қарамастан, апат салдарынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын”, – деді Қырғызстан президенті.