Мемлекет басшысы Қырғызстан азаматтарының Ресейдің Ульянов облысындағы жол апатынан қаза табуына байланысты президент Садыр Жапаровқа және барша қырғыз халқына, қайтыс болған азаматтардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Еске салайық, Ресейдің Ульяновск облысындағы жол-көлік оқиғасынан 16 адам қаза тапты. Оның 14-і Қырғызстан азаматтары. Үш қырғызстандық аман қалған. Олардың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.