Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында осылай деп мәлімдеді. “Мен ең төменгі жалақыны 60-тан 70 мың теңгеге дейін көтеру туралы шешім қабылдадым. Бұл 1,8 миллион азаматтың кірісіне тікелей әсер етеді. Зейнетақы жүйесін қайта іске қосу қажет. Ең төменгі базалық зейнетақы мөлшерлемесін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына, ал ең жоғарысын 120 пайызға дейін дәйекті түрде жеткізу қажет. Бұл бұрынғы қабылданған шешімдермен бірге 2025 жылға қарай зейнетақының жалпы көлемін орта есеппен 27 пайызға арттыруға мүмкіндік береді”, – деді Тоқаев.