Отбасы банктің 2 жарым мың салымшысы мемлекеттен өтемақы алуға өтініш берді. Бұл туралы қаржы ұйымының өкілдері арнайы брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24». Өтініштер онлайн түрде Баспана маркет порталында қаңтар айының 1-іне дейін қабылданады. Сайтта әр салымшыға тиесілі өтемақы сомасы есептеледі. Айта кетерлігі, бұл қаражатқа тек депозитте ақша жинап жатқандар ғана емес, аралық немесе алдын ала займ алғандар да қол жеткізе алады.