Олимпиада чемпиондарының төлемі артты

Елімізде олимпиада, паралимпиада және әлем чемпионаттарында жүлдеге іліккен спортшылар бұған дейін 70 мың теңге көлемінде қаржылай қолдау алып келді. Бұл ай сайын және өмір бойы төленетін ақша. Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен көрсеткіш биыл 4 есеге, яғни 70 мыңнан 300 мың теңгеге децін көтерілді. Бұған қоса олардың бапкерлеріне де арнайы төлем қарастырылған. Қазіргі таңда бұндай қолдауды еліміз бойынша 140-тан аса адам алып келеді. 2022-2024 жылдары аралығында осы мақсатта 1 миллиардттан аса қаржы жұмсау жоспарланып отыр. Республикалық бюджет комиссиясы арнайы құжатты мақұлдады деп хабарлайды курсив порталы. Ал аталған төлемді алып жүрген спортшылар бұл саланың ардагерлеріне материалдық қолдау, ал өскелең толқын үшін кермет мотивация дегенді алға тартады.