Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың айтуынша, соңғы төрт айда адам саудасының 30-ға жуық фактісі тіркелген. БҰҰ-ның мәліметіне сәйкес, әлемдегі адам саудасы құрбандарының 70 пайызы – әйелдер мен жас қыздар. Ал әрбір үшіншісі балалар. «Өкінішке қарай, бұл проблеманың Қазақстанға да қатысы бар», – деді Марат Ахметжанов Астанада өтіп жатқан Қазақстандағы адам саудасымен күрес туралы құқықтық форумда. Қазір жыл сайын елде 100-ден астам осындай қылмыс тіркеледі екен.