Ақтауда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі төрағасының көмекшімін деп жұртты алдаған ер адам сотталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. 9 қарашада Ақтау қалалық соты алаяқтыққа және пара беруге итермелегені үшін Кәрімов пен Батырхановты мемлекеттік қызмет атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 7 жыл 6 айға және 7 жылға бас бостандығынан айырған. “Агенттік төрағасының көмекшісі атын жамылған Кәрімов Ақтау қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларынан коммерциялық нысандарды орналастыруға атына Каспий теңізінің жағалауындағы жер учаскесін ресімдеуді талап еткені үшін кінәлі деп танылды”, – делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің хабарламасында.