Қарыз толығымен бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталады. Қаражат республикалық бюджетте көзделген әлеуметтік және басқа да мақсаттарға арналған бюджет шығыстарын жабуға мүмкіндік береді. “Дүниежүзілік банктің қарызы Қазақстанға 11,5 жылға беріледі. Оның ішінде 2,5 жылға жеңілдік көзделген”, – деді Ерұлан Жамаубав.