Партияларды қаржыландыруға жылына 8 миллиард теңге бөлінеді.

Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев осылай деп мәлімдеді. Сенат кулуарында журналистер вице-премьерден партиялардың біріне миллиард доллар бөлініп жатыр деген ақпаратқа қатысты пікір білдіруді сұрады. “Бұл шындыққа жанаспайды. Бізде партиялардың, Мәжілісте отырған барлық партияның қаржыландыруы туралы толық ақпарат бар. Заң жүзінде қабылданған белгілі бір есептеулер бар, солардың негізінде қаражат бөлінеді. Жалпы сома үш тарап үшін де 8 миллиард шамасында. Бұл бір жылға арналған, республикалық бюджет те бар”, – деді Жамаубаев.