Алматыда әкімдік метро құрылысы үшін 92 учаскені сатып алмақ

Жобаға сәйкес, желі Абай даңғылының бойымен, Яссауи көшесінен батыс бағытта “Барлық” базарына дейін барады. Иеліктен шығарылған учаскелер мен жылжымайтын мүліктің барлық иесіне нарықтағы құны бойынша ақшалай өтемақы төленеді. Әкімдік мәліметінше, қазірдің өзінде 24 жер учаскесі сатып алынған. 68 учаске бойынша сатып алу жүріп жатыр. Жұмысты 2025 жылдың 4 сәуіріне дейін аяқтау жоспарланған.