1 желтоқсаннан бастап заң бойынша жазғы дөңгелекпен жүруге тыйым салынады

Бүл туралы ішкі істер министрлігі хабарлайды. “Жеңіл көліктер мен аз тонналы жүк көліктерінің желтоқсан, қаңтар, ақпан айларында тек қысқы не барлық маусымға арналған дөңгелектердің кейбірімен ғана жолға шығуына рұқсат беретін талап Кеден одағының “Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы” техникалық регламентінде жазылған”, – делінген хабарламада. Ережені бұзған жағдайда 5 АЕК (15 315) көлемінде айыппұл салынады. Ал бір жыл ішінде осы ереже қайта бұзылса, онда айыппұл көлемі артады. Қыста жүруге рұқсат берілетін шина бұдырының тереңдігі кемі 4 мм болуы тиіс.