Ресейлік БАҚ мәліметінше, Мәскеудің “Луна” театрының 37 жастағы актрисасын 28 қарашада түстен кейін кішкентай бала тауып алған. Ол көршілеріне айтып, бәрі жедел жәрдем шақырған. Бірақ әйел дәрігерлер келгенше қайтыс болған. Актрисаның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған. Нақты себебі сот-медициналық сараптамадан кейін анықталатыны айтылды. Наталья Стешенко Павлодарда дүниеге келген. 2000 жылы “Қазақстан аруы” байқауына қатысқан. Ол “Алданған әйелдер лигасы” телехикаясында басты рөлді сомдады.