Ол үшін арнайы салық режимі енгізіледі. Бұл туралы Мәжілістегі үкімет сағатында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты. Министр Әлеуметтік кодекстің ұсынылып отырған нормаларына тоқталды. Тамара Дүйсенованың айтуынша, Салық кодексіне шағын бизнестің жалдамалы қызметкерлері үшін бірыңғай міндетті төлемді енгізу бөлігінде өзгерістер енгізіліп жатыр. Сондай-ақ, келер жылдан бастап салық жүктемесін 33 пайыздан 20 пайызға дейін төмендету көзделіп отыр. Бұдан басқа, қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыруды жүзеге асыратын жұмыс берушілер үшін сақтандыру тарифтерін төмендету қарастырылған.