Елімізде такси жүргізушілері мен курьерлер мемлекетке салық төлеуге міндеттеледі. Олар енді ресми түрде жұмыспен қамтылғандар қатарына жатқызылмақ. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды Almaty.tv. Келер жылдан бастап онлайн платформада жұмыс істейтіндерге арнайы салық енгізілмек. Такси жүргізушілері мен курьерлерге әлеуметтік пакет қарастырылады. Олар үшін мемлекетке төлемді жұмыс берушінің өзі төлейді. Мұнымен қоса, қызметкерлерін жазатайым оқиғадан сақтандыратындар үшін сақтандыру тарифтерін төмендету мәселесі қарастырылады.