Ақтауда ыстық су әлі жоқ

Ақтауда ыстық судың тоқтағанына екінші тәулікке ұласты. Өткен жексенбіден бастап сыздықтаған су дүйсенбінің таңында мүлдем тыйылды, деп хабарлайды «Хабар 24». Қаланы жылу және ыстық сумен «Маэк» энергетикалық комбинаты қамтамасыз етеді. Кәсіпорын басшылығы орталық сумен жабдықтау нүктелерінде су деңгейі төмендемеуі үшін ыстық суды өшіруге мәжбүр болғандарын айтып отыр. «Шаһарға құбырмен берілетін су көлемі соңғы уақытта 10-нан 16 мың текше метрге дейін артқаны байқалады. Бұл кейбір үйлерде температураны көтеру үшін батареядағы суды кәрізге ағызып жіберумен байланысты болуы мүмкін», – дейді жауаптылар. Тағы бір мәселе, кейбір шағын ауданда жылу да жоқ. Кеше түнде қала әкімі тұрғындарға мәлімдеме жасап, сабырға шақырды.