Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан астанасы Бішкекке келді, – деп хабарлайды Ақордаға. Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің отырысына қатысу үшін жұмыс сапарымен келген. Әуежайда Мемлекет басшысын Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров күтіп алды.