Қазақстанда көлік полицейлері алдағы мереке күндері күшейтілген режим қызметіне көшеді. Бұл туралы ІІМ Көліктегі Полиция департаменті мәлімдеді. Ведомство басшысы Бақытжан Малыбаевтың айтуынша, Тәуелсіздік күні мен жаңа жылды мерекелеу кезеңінде (15 желтоқсан мен 18 желтоқсан аралығында, сондай-ақ 31 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында) Көліктегі полиция департаментінің жеке құрамы қызмет атқарудың күшейтілген түріне өтетін болады. Ол мұндай шешім мереке күндері жолаушылар ағынының бірнеше есе артуына байланысты екенін түсіндірді.