Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес прокуратура органдары журналистке қатысты тергеу жүргізу бойынша бірқатар БАҚ өкілдерінің үндеуінде келтірілген уәждерді тексеруге кірісті. Бас прокуратура Козачков 18 желтоқсанда Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлерімен ұсталғанын айтты. Соталды тергеп-тексеру органы Михаил Козачковты Коспаевтың ұйымдасқан тобына қатысты рейдерлік жасады, мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау және таратумен айналысты деген күдікке ілінген. Осыған байланысты журналистің тұратын пәтерінде тінту жүргізілген. Қазір соталды тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр. Үндеуді қарау нәтижелері туралы тексеру аяқталғаннан кейін жұртшылыққа хабарланатын болады.