Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстанда электр қуатының тапшылығы туралы айтты

Ақшолақов таңғы және кешкі уақытта электер желілерінде тапшылық барын мойындады. “Ұлттық желілерде жақында 16,5 гигаватттан астам қуат жүктеме болды. Генерация – 15 800. Үлкен ағындар пайда болғаны анық. Бұл ағындар әдетте Ресей мен Орталық Азия жүйесімен жабылады”, – деді министр. Оның айтуынша, жүйеде өндіріс пен тұтыну арасында айырмашылықтар болған кезде апаттық режим іске қосылып, тұтынушыларға шектеулер енеді. Ол барлық майнинг фермалар қызметі нормативтік құжаттардың жаңа талаптарына сәйкестендіріліп, бақылауға алынғанын түсіндірді.