Олардың үшеуі кінәсін мойындамаған, біреуі жартылай мойындады, – деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. №2 қалалық сотта алдын ала сөз байласу арқылы зорлау дерегі бойынша төрт айыпталушыға тоғыз жыл бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Сот отырысы жабық түрде өтті. Сотталушылардың екеуі 31 жаста, қалғаны 30 жаста. Үкім заңды күшіне енген жоқ.