Бас прокуратура Қазақстан Әблязовті қайтаруға “барынша күш салатынын” айтты

Қазақстан қуғындағы экс-банкир Мұхтар Әблязовты елге қайтаруға барынша күш салады. Бұл жөнінде 21 желтоқсанда бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев мәлімдеді. Жуырда Франция қуғындағы экс-банкир Мұхтар Әблязовты босқын мәртебесінен айыру туралы шешімді өзгеріссіз қалдырған еді. – Қазақстанда Әблязовқа қатысты қудалау органдары екі қылмыстық іс қозғаған: бірі БТА қаржысын жымқыру фактісі бойынша; екіншісі кісі өліміне қатысты. Екі іс бойынша да үкім күшіне енгеннен кейін Францияның өкілетті органдарына біздің сұраныс хаттарымыз жолданды. Олардың қаралу статустары әртүрлі мерзімде… Біздің сұраныс хаттарымыз біздің бақылауымызда. Біз осыларды орындауға барынша күш саламыз, – деді Жандос Өмірәлиев. Ол “Әблязовты қайтару бойынша жұмыстар тоқтатылмайтынын” атап өтті.