Мәжіліс депутаттары медициналық оқиға салдарынан зардап шеккен қазақстандықтарға өтемақы төленетін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. “Заң жобасында абайсызда денсаулыққа орташа және ауыр зиян келтіргені үшін айыппұл сомасы мен қамауға алу мерзімін қысқарту ұсынылады. Науқастың денсаулығына ауыр зиян келген немесе қайтыс болған жағдайда бас бостандығынан айыруды жаза мерзімдерін қайта қараумен бас бостандығын шектеуге ауыстыру”, – деді Ажар Ғиният. Сондай-ақ, заң жобасы медицина қызметкерлерінің мәртебесі мен әлеуметтік қолдауын арттыруға, оларға құрметті атақтар беруге және 2023 жылы медицина қызметкерлерінің жалақысын арттыруды жалғастыруға бағытталған. Ажар Ғиният науқастың таңдауы болатынын түсіндірді. Медициналық ұйымның шешімі және төлем мөлшерімен келіспесе, ол сотқа жүгіне алады.