Бұл туралы Ақорда хабарлайды. “Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заңына қол қойды”, – делінген хабарламада. Қабылданған түзетулерге сәйкес, әйелдерге арналған зейнет жасы 2028 жылға дейін 61 жас болады.