Қазақстан үкіметінің мүшелері жасарды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев министрлер кабинетінің бес мүшесін ауыстырды. Тағайындалған жаңа министрлердің екеуі, яғни экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова мен мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов 32 жаста. Жаңа индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев 35 жаста. Әділет министрі Азамат Есқараев өзінен бұрынғы министрден 13 жас кіші, 43 жаста. Министрлер кабинеті мүшелерінің жалпы жасы 52 жасқа қысқарды. Жаңа үкіметтің орташа жасы – 47,8 жас.