Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев осылай деді. “Былтыр инфляция 14 пайыз болса, кейбір университеттерде білім беру құны плюс немесе минус 14 пайызға өсті. Бұл түзету заңдылық. Бірақ, біз университеттерді оқу құнын бірден көтермеуге үгіттейміз. Бірақ экономикалық жағдай басқаша. Барлығы қымбаттайды. Инфляция шегінде түзетулер мүмкін”, – деді Ерғалиев. Оның айтуынша, әр университеттің өзіндік құны бар, орташа көрсеткіш жылына 300-400 мың теңге шамасында. Бірақ кейбір жоғары оқу орындарында бір жылдық оқу ақысы 500-600 мың теңге тұрады. Ерғалиев қазір Қазақстанда 600 мыңға жуық студент жоғары білім алып жатқанын, оның 40 пайызға жуығы грант иегерлері екенін атап өтті.