Мемлекеттік мекеме басшыларының бірі Шымкент қаласының полиция департаментіне жүгінген. Күдікті шенеуніктің іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпаратты таратамын деп бопсалап отырғанын айтты. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар өткізіп, нәтижесінде күдіктінің жеке басын анықтады. Ол бұрын мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысқан қала тұрғыны болып шықты. Алайда ол конкурстан жеңіліп, жәбірленушіні кінәлаған. Оны полицейлер 45 миллион теңгені қолма-қол алу кезінде ұстады. Оның 40 миллион теңгесі жалған ақша болды. Күдікті қамауда. Оған қатысты соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.