Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда қазір 40 шақты көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Алтауы биыл пайдалануға беріледі. Соның арқасында 275 отбасы баспаналы болып, қоныс тойын тойлайды. Қала бойынша 15 мыңдай адам пәтер кезегінде тұр. Сондай-ақ апатты жағдайдағы 15 үйдің төртеуінің тұрғындарына жергілікті билік өткен жылы реновация бағдарламасымен пәтер алып берді. Осылайша Кивилев көшесіндегі апатты үйлерде тұрып жатқан 32 отбасы қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл игілікті іс биыл қалған 11 апатты үйдің тұрғындарын, яғни, әбден ескіріп, тозығы жеткен баспанасында амалсыз күнелтіп жатқан 82 отбасын қамтиды. Бұл мақсатқа жергілікті қазынадан 1.2 млрд теңге бөлінеді.