Түркияға аттанған қазақстандық құтқарушылар 14 күнге дейін автономды жұмыс істей алады

ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі бірінші вице-министрі Ибрагим Құлшымбаев осылай деп хабарлады. «Арнайы топ Түркияда құтқару операцияларын ұйымдастыру үшін бара жатыр. Бұл топта 41 құтқарушы бар, оның ішінде үздік құтқарушылар, дәрігерлер, арнайы қызметтік иттер бар. Құтқару-іздестіруге арналған жабықтарымыз жеткілікті», – деді Ибрагим Құлшымбаев Алматы әуежайында берген сұхбатында. Сонымен бірге арнайы ұшаққа құтқаруға арналған Камаз, Уаз және Газель маркалы үш автомобиль тиелген. Түркиядағы Қазақстан Елшілігінің хабарлауынша, құтқарушылар ұшағы Газиантеп қаласына қонады. СІМ мәліметінше, қазіргі сәтке дейін онда Қазақстан азаматтары зардап шекті деген ақпарат келіп түскен жоқ. Соңғы мәлімет бойынша Түркияда зілзала құрбандарының саны 3 мыңға жетті.