Қазақстанда құс етін сумен толтырып қатыруға тыйым салынды

Сонымен бірге оны жібіткеннен кейін ылғалдың бөліну жылдамдығы белгіленді. Оның үлесі төрт пайыздан аспауы керек. Бұл туралы сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті мәлімдеді. Одан бөлек, өңделген құс етіне тағамдық қоспаларды, соның ішінде фосфаттарды, консерванттарды және дәм күшейткіштерді енгізуге тыйым салынды. Өндірушілер бұл талаптарды бұзса, 600 мың теңгеге дейін айыппұл арқалайды.