Мемлекет басшысы Қазақстандағы Түркия елшілігіне барып, бауырлас елдегі зілзаладан мыңдаған адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты. Президент, ондағы көңіл айту кітабына: Көп адамның қаза болуы баршамыздың қабырғамызды қайыстырды. Қазақстан халқының және жеке өз атымнан, Түрік бауырларымызға көңіл айтамын, деген жазба қалдырды. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз Түркияға, жан-жақты қолдау көрсететінін атап өтті.