Ақмола облысында электрмен жабдықтау қосалқы станциясын салу кезінде 1,3 млрд теңге жымқырылған. Бұл жөнінде қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. Аталған факті бойынша Целиноград ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мен 2 кәсіпкер сотталды. Енді олар жазасын өтеп қана қоймайды, коммерциялық және өзге де ұйымдарда 10 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарды атқара алмайды. Сондай-ақ, бұрынғы шенеунік өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырды.