Қазақстанда биологиялық қару жасауға бағытталған зертхана жұмыс істейді деген қауесет шындыққа жанаспайды. Сенат депутаты Асқар Шәкіров ресейлік әріптесі Олег Матвейчевтің мәлімдемесіне қатысты осындай пікір білдірді. Оның айтуынша, Ресей мемлекеттік думасының депутаты бұған дейін де елімізге қатысты қисынсыз ой-тұжырымдарымен көзге түскен. «Жалпы мұндай мәлімдемелер абырой әкелмейді. Екі елдің қарым-қатынасына сызат түсіруі мүмкін», -дейді сенатор.