Елімізде есірткі бизнесін ұйымдастырған 1 қылмыстық топ анықталып, оның 8 мүшесі жауапқа тартылды. Олардан 85 келіден астам есірткі заты тәркіленген. Бұл жөнінде ішкі істер министрлігіне өткен брифинг барысында айтылды. Жалпы жыл басынан бері заңсыз айналымнан 755 келі есірткі заты тәркіленген. Тәртіп сақшыларының сөзінше, соңғы кезде бұл іске көбіне жастар баратын болған. Былтыр кәмелетке толмаған 25 жасөспірім есірткі тасымалдап, сатқаны үшін ұсталыпты. «Сондықтан, ата-аналар өз балаларының кіммен араласып, немен айналысып жүргенін үнемі бақылаулары қажет» – дейді, полицейлер. Өйткені, есірткі тасымалы мен оны сақтауға қатысты жаза ауыр. Құқықбұзушы 3 жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.