Жаңа мүмкіндіктердің енгізілгені туралы видео хостингтің сайтында хабарланды. “Алдағы апталарда 18 жасқа толмаған пайдаланушыға тиесілі әрбір аккаунтта автоматты түрде күніне 60 минут шектеу орнатылады”, – делінген хабарламада. Бұл шектеуге жеткенде, жасөспірімдерге шолуды жалғастыру үшін рұқсат кодын енгізу сұралады. 13 жасқа толмаған балалар ата-анасының немесе қамқоршысының рұқсатымен ғана әлеуметтік желіні 60 минуттан астам қарай алады. Соңғысы 30 минут қосымша уақытқа рұқсат алуы үшін арнайы кодты орнатуы немесе енгізуі керек.