Бас прокуратура кәсіпкер Әбдіғаппаровқа қатысты үкімді жоюды сұрады

Бұл іс бойынша бас прокуратура Жоғарғы Сотқа кассациялық наразылық берді. Наразылық туралы кәсіпкердің адвокаты Сәуле Кобжанова хабарлады. Ол бас прокурорға объективтігі үшін алғысын білдірді. Айта кетейік, 2022 жылы 5 шілдеде кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаров 1 миллион доллар жымқырды деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Кәсіпкер 2021 жылдың шілдесінде қамауға алынған болатын. “AV Construction” ЖШС директорының арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іс элиталы вилланың сатылуына байланысты болды.