Болжам бойынша, 20 наурызға дейін Жетісу облысы мен Алматы облысында жер сілкінісі қаупі сақталады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Облыстың барлық аудан, қала әкімдеріне жолданған Жетісу обылысы ТЖД хаты тарады. Құжатта Кербұлақ, Жамбыл аудандарында, Қапшашағай су қоймасы маңында 3-4 балдық жер сілкінісі сезілуі мүмкін екені айтылған. Жер сілкінісінің болуы мүмкін жерлер Жетісу облысының Кербұлақ ауданындағы солтүстік-батыс Қалқан станциялары, Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Қастек Түрген желісінде және Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасы аймағында болуы мүмкін. Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі бұл құжатты мемлекеттік органдарға шынымен де жібергенін растады.