Алматыда дәріханалар препараттарды өз бағасынан екі есе қымбатқа сатып жатыр.Оған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг қызметі көз жеткізді. Рейд кезінде әлеуметтік ара қашықтық сақталмағаны анықталды. Тіпті сағаттап кезекте тұрғандардың іздеген дәрілері табылмай, бары қымбат бағаға сатылып жатыр, деп хабарлады КТК.
Тосыннан келген тексерушілерді дәріхана басшысы “талапқа сай жұмыс істеп жатырмыз” және Біз тек қала әкімдігіне бағынамыз тек соларға есеп береміз деп, дәрі бағасы бекітілген қағазды көрсетуден бас тартқан.