Атырау облысы короновирус жұқтырғандар бойынша көш бастап тұр

Атырау облысы короновирус жұқтырғандар бойынша көш бастап тұр

Айта кетейік, 8 шілде күні Қазақстанда 1962 адамнан COVID-19 инфекциясы табылған. Вирус анықталған 1209 адамда ауру белгілері байқалмаған. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Инфекция жұқтырғандардың үштен бір бөлігі Атырау облысында тіркеліп отыр. Облыс кейінгі апталарда COVID-19 ауруына шалдыққандар бойынша өңірлер арасында көш бастап тұр. Осыған дейін мұнайлы облыстағы кен орындарынан эпидемия ошағы анықталған болатын.

Облыс вирусты жұқтырғандар бойынша кеше Нұр-Cұлтан қаласынан озса, бүгін көш басында тұрған Алматыдан озды. Өңірде барлығы 6814 адамнан КВИ табылған.