Ол тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімін басқарған кезде мемлекеттік сатып алу заңын бұзған. Лауазымды тұлғаның бұрынғы қызметіндегі заңсыз әрекетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері әшкерелеген. Ол бәсекелестік ортаға шығармай тендерді бір кәсіпорынға бере салған. Онымен 1 млрд 900 млн теңгеге 17 келісімшарт жасаған. Бұл дерек мемлекеттік сатып алу порталына мониторинг жасағанда анықталды. Материал қаржы министрлігінің ішкі аудит комитетіне жолданды. Айта кетейік, лауазымды қызметкердің айыппұл арқалауы бірінші рет емес. Ол былтыр да мемлекеттік конкурстағы лоттардың санын қысқартып, тендер талаптарын белгілі бір компаниялар ғана қатыса алатындай қылып өзгерткен.