Кен астында қалған ер адам қазасына жұмыс беруші кінәлі екені дәлелденді

Мұны арнайы құрылған комиссияның тексеруі көрсетті. Тергеу екі айға созылды. Еске сала кетсек, Қарағанды облысындағы карьерде 23 жастағы жігіт кенді бұрғылау барысында кен астында қалып, тұншығып қайтыс болды. Комиссия қайғылы оқиғаға жұмыс беруші “Nova-Цинк” кәсіпорны басшылығы кінәлі екенін дәлелді. “Жұмыс беруші қауіпсіз жұмыс үшін арнайы құрылғыны қолданбаған. Инженерлік-техникалық қызметкерлер тарапынан бақылау әлсіреген”,- деді Қарағанды облысы бойынша еңбек инспекциясы жөніндегі департаментінің баспасөз хатшысы Айзада Жұмабекова.