Kyzdar.net сайты арқылы кәмелетке толмағандарды жезөкшелікке тартқан әйел анықталды

Бұл туралы Қызылорда полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. “Күдікті Kyzdar.net сайты арқылы қыздардың қызметін Алматы, Тараз, Шымкент және Қызылорда қалаларында ұсынған. Әйел мұндай әрекеттері үшін сыйақы алып отырған. Қазір бұл дерекке қатысты соталды тергеу басталды. Тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды”, – делінген хабарламада. Полиция қызметкерлері осы қылмысқа қатысы бар басқа да адамдарды анықтауға бағытталған іздестіруді жүргізіп жатыр.