Жол апатынан 20 адам қаза тапты. Жиырма тоғызы жарақаттанды. Жапа шеккен туристер – Йемен азаматтары. Сауд Арабиясының оңтүстік батысында автобус көпірге соғылып, аударылды. 8Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, апатқа автобус тежеуішінің істен шығуы себеп. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясы полициясының мәліметін айтып, зардап шеккендер мен қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ деп хабарлады.