Қазақстандық 1383 теңге қарызына байланысты банкроттыққа арыз берген

Бұл өзін банкрот деп тану туралы шешім қабылдаған Қызылорда облысының тұрғыны көрсеткен сома. Айта кетейік, соттан тыс банкроттық рәсімін пайдалануды ұйғарған борышкерлерге арнайы tazalau.qoldau.kz сайты ашылды. Сайтта бұдан бөлек, ең төменгі қарыз мөлшері 8 876 теңге (Павлодар), 11 995 теңге (Түркістан облысы) және 13 553 теңге (Алматы облысы) болатын берешек сомасы бар. Өз кезегінде ең көп қарыз сомасы – 282 миллион теңге. Қосымша ақпар, соттан тыс банкроттық бойынша берешек сомасының шекті мәні биыл 5 520 000 теңгеге тең.